Бүгін Тараз қаласында аймақтық әкелер арасында өткен “Достық” волейбол жарысында Шымкент Білім Инновация Лицейіміздің әкелер құрама командасы чемпион атанып, былтырғы чемпиондығын қорғап қалды.
ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ойын өте тартысты өтті. Құрама командамыздағы әкелерімізге мың алғыс!
Ұйымдастырушы Тараздағы лицейлеріміге көп рақмет! Жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
2023 жылғы 01 желтоқсан күні «Шымкент қаласының Дарын орталығы» КММ ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми шығармашылық жоба конкурсының қалалық кезеңінің нәтижесі:
*1. Тілдер секциясы (Орыс тілі)
1) Укасов Айбек. ІІІ орын. 11 сынып. Жетекшісі: Пернебаева Б.
2) Жаңатай Нұрсұлтан грамота 11 сынып. Жетекшісі: Пернебаева Б.
3) Нұрлан Ақсуңқар, Жұматов Қанат грамота 10 сынып. Жетекшісі: Сармурзаева Б.
2. *Тілдер секциясы (Ағылшын тілі)*
1) Омар Жанибек, Ақжол Айдар ІІ орын 11 сынып. Жетекшісі:Аширова Ш.
ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРЫНА ЖАТАТЫН ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАЙМЫЗ.
Жаңа бағдарлама: Жаныңда жүр ЖАҚСЫ АДАМ!
Әрбір әріптесіміз қымбат, шәкірттеріміздің қайталанбас ерекшелігі бар, жақсылық пен ізгілікті алыстан іздеудің қажеті жоқ. Лицейімізде қаншама игілікті істер мен жаңа бастамалар жасалынып жатыр. Нәтижесіне ел тәнті болған жұмыстар өздігінен орындалған жоқ! Ендеше, еткен еңбек өлшемі- көпшіліктің бағасына бөленген ұжым мушесі мен шәкірттеріміз жайлы мақтанышпен сыр шертпекпіз!
Лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, өзінің ширек ғасырлық еңбек өтілінің 15 жылын лицей шәкірттеріне арнаған тәжірибелі ұстазымыз Райхан Тілеубердіқызының жаңа жобасының алғашқы қонағы- Матжан Бақдәулет!
Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жаңа Қазақстандық патриотизм мен азаматтылықты тәрбиелеу бағытын дамыту мақсатында "Жас сарбаздар" атты әскери-патриоттық саптық шеру өтті. Әскери саптық шерудің басты мақсаты: оқушыларды отан қорғауға, Ұлы отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүрек болуға үйрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Лицейдің домбыра үйірмесінің жетекшісі Омар Қалмахан ағайымыздың жетекшілігінде, "Жігер" атты домбыра оркестрінің есеп беру концерті өтті. Біздің оқушыларымыз тек қана білім нәрін сусындап қана қоймай, өнер жағын да бірге дамытады.
Лицей аралық тоғызқұмалақ чемпионатқа дайынсын ба?!
1.Сенбі күні сағат 14:00де "Спорт зал" корпусына келу керек
2.Қатысу сілтемесі төменде
3.Санитарлық талаптарға сай маска киіп келулеріңізді сұраймыз
4.Қатысып жүлделі орын алуға мүмкіндігінді жоғалтып алма
Осы жылғы Ораза уақытында оқушыларымыз ерекше белсенділік танытып, қалалық ұйымдармен бірлесе жұмыс атқарды. Осылардың бірі - Ұлы Жеңіс күніне орай лицей президенті Мирас пен 7-ші сынып оқушылары Бектілеу мен Амирдің "АСАА волонтерлік ұйымы" -мен бірге егде жастағы қарттарымызды қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етіп, көңілдеріне шаттық пен қуаныш ұялатуы.
Оқушыларымыз батыр ардагерлерімізді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, ыстық лебіздерін әсем әуен үнімен жеткізе білді!
Шахмат ойынын психологтар "есте сақтаудың тиімді жолы" деп атайды. Ол сондай-ақ күрделі мәселелерді шешуге және түрлі идеяларды ойлауға мүмкіндік береді. Көптеген адамдар шахматты табиғатынан жоғары интеллектке ие адамдарға арналған ойын деп есептейді. Бұл шын мәнінде шындық. Бірақ сіз де шахмат ойнау арқылы ойлау қабілетіңізді айтарлықтай жақсарта аласыз. Осы апта лицейдің парламентінің ұйымдастыруымен "ШАХМАТ турнирі" өткізілді. Турнирге 16 оқушы қатысты. Оқушыларымыздың шахматқа деген қызығушылығы бар екенін көріп, алдағы уақытта осындай турнирлерді көп өткізуді жоспарлаймыз.